Қытай Газаға 100 миллион доллар гуманитарлық көмек береді
Қытай Газа секторындағы гуманитарлық дағдарысты жеңілдету және қайта қалпына келтіру әрекеттерін қолдау мақсатында палестиналықтарға 100 миллион доллар көлемінде көмек бөледі.
«Reuters» агенттігінің хабарлауынша, бұл жөнінде ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Франция президенті Эммануэль Макронмен Бейжіңдегі кездесуден кейін өткен бірлескен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.