Қытай Ферғанада электр қуатын сақтау жүйесін салады
Ферғана облысының әкімі Хайрулла Бозоров Қытайдан келген Алекс Ван басқаратын «China Gezhouba Group Overseas Investment Co. Ltd» делегациясын қабылдады.
Облыс әкімшілігінің хабарына сәйкес, бұл компания ала бағалау бойынша144 млн доллар көлеміндегі тікелей шетелдік инвестициялар есебінен Өзбекстан ауданында 150 МВт (300 МВт/сағ) электр қуатын сақтау жүйесін салу жобасын жүзеге асырады.
«Кездесуде аталмыш жобаны жүзеге асыруға байланысты ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Облыс әкімі өңірді электр қуатымен қамтуды жақсартуда электр қуатын сақтау жүйесін құрудың маңыздылығына тоқталып, жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді шешуге тұрақты түрде көмек көрсететінін жеткізді», делінген хабарламада.
Ведомство дерегінше, қытайлықтар алдағы уақытта жобаның ірге тасын қалауға дайын екендіктерін мәлімдеген.