Қытай Эверест шыңына шығуға тыйым салды
Қытай үкіметі Тибет тарапының Эверест шыңына көтерілуіне бұрын берген рұқсатын жою туралы шешім қабылдады.
Reuters-тің хабарлауынша, елдің шенеуніктері бұл шешімді көрші Непалдан шыңға шыққан альпинистер коронавирус тасушылар болуы мүмкін деп алаңдағандықтан қабылдаған.
Қытайдың ресми Синьхуа агенттігі Эвересттің Тибет тарапынан жауып тасталуы Қытайдың спорт Бас басқармасының мәлімдемесінде расталғанын хабарлады. Эверест Қытай мен Непалдың шекарасында орналасқан болып, альпинистер Джомолунгмаға (Эвересттің екінші атауы) екі жағынан да көтеріле алады.