Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай экономикасы рекордтық өсімге жетті
14:23 / 2022-01-18

Пандемияның салдарын сәтті жою нәтижесі Қытайға рекордтық экономикалық өсімге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қытай Мемлекеттік статистикалық бюросының дерегіне сай, елдің жалпы ішкі өнімінің өсімі соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетіп — 8,1 пайызды құрады.

Ел экономикасы 2021 жыл 114 триллион юаньнан асып, шамамен 18 триллион долларды құрады. Өнеркәсіп саласы 8,2 пайызға өсіп, 7,1 триллион долларға, ауыл шаруашылығы саласы 7,1 пайызға, шамамен 1,3 триллион долларға дейін өскен. Қызмет көрсету саласы 8,2 пайызға (9,59 триллион долларға дейін) жоғарылаған.

Жан басына шаққандағы ақшалай табыс та 9,1 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш 35 128 юаньға жетті (шамамен 5,5 мың доллар). Ауылдық жерлерде ол 10,5 пайызға (шамамен 2,8 мың доллар), қалалық жерлерде 8,2 пайызға (шамамен 7,5 мың доллар) өскені айтылады хабарламада.

Бірақ, сарапшылар 2022 жылда Қытайда тұтыну шығындардың төмендеуіне байланысты ел экономикасы баяулайды деп болжауда.