Қытай ең қуатты зымыран қозғалтқышы сынақтан өткенін жариялады
Қытай әлемдегі ең жоғары серпінді монолитті қатты отынды зымыран қозғалтқышын сынақтан сәтті өткізді.
Қытайдың ғарыштық ғылымдар мен технологиялар корпорациясының (CASC) хабарлауынша, 500 тонналық қозғалтқыш диаметрі 3,5 метрді құрайды және оған озық технологиялар қолданылған.
Корпорация мәліметінше, сәтті сынақ қытайлық мамандардың ауыр зымыран-тасығыштарды одан әрі дамыту үшін маңызды болып табылатын қатты отынды зымыран қозғалтқыштарын жасаудағы айтарлықтай ілгерілеушілігін көрсетеді.
Қазіргі уақытта, CASC мамандары диаметрі 3,5 метр, максималды серпімділігі 1000 тоннадан асатын бес секциялы зымыран қозғалтқышын жасау бойынша зерттеулер жүргізіп жатыр. Мұндай қуатты секциялық зымыран қозғалтқыштары Қытайдың ғарыш кеңістігін зерттеуге арналған бірқатар бағдарламалары, атап айтқанда Айға ұшқышсыз ұшу үшін өте маңызды.