Қытай қоғамының Адам құқықтарын зерттеу жөніндегі тұрақты комитеті төрағасының орынбасары Цзян Цзяньго бастаған делегация Өзбекстан Республикасына сапармен келді.
Қонақтарды Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығы директорының бірінші орынбасары Мирзатилла Тиллабоев қарсы алды.
Қытай Халық Республикасы делегациясының сапары Өзбекстан Республикасы Жоғарғы соты басшылығымен кездесуден басталды. Сапар аясында, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының Әділет министрлігі мен Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталығында бірқатар кездесулер өткізу жоспарланған.
Сапардың екінші күні Ташкентте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің өзбек тіліне алғаш рет аударылып, жарық көрген «Адам құқықтарын құрметтеу және кепілдендіру туралы» атты кітабының тұсаукесері өтеді.
Сонымен қатар, осы кітаптың мазмұны мен мән-мағынасына арналған ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырылмақ.