Қытай COVID-19-ға қарсы алғашқы вакцинаны мақұлдады
Қытай билігі «Sinopharm» фармацевтикалық компаниясы жасаған коронавирусқа қарсы вакцинаны мақұлдады. Оның тиімділігі 79 пайызды құраған.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қытайдың мемлекеттік дәрі-дәрмек басқармасы China National Biotec Group (CNBG) жасаған инактивирленген коронавирустық вакцинаны қолдануға рұқсат етті.
Онда айтылуынша, вакцинаның қорғаныс механизмінің тиімділігі мен беріктігін үнемі бақылау қажет болады делінген. Алайда, компания бұған дейін бұл препараттың клиникалық зерттеулерінің үшінші фазасының аралық нәтижелерінде 79,3% тиімділік көрсеткенін айтады. Сонымен қатар зерттеу нәтижелері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) стандарттарына сәйкес келді, делінген.