Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай болашақ ғарыш станциясының негізгі модулін орбитаға шығарды
09:46 / 2021-04-29

Қытай Чанцзянь-5В зымыранының көмегінде болашақ ғарыш станциясының басты модулі «Tianhe» Жерге жақын орбитаға шығарды.

Қытайдың ұлттық ғарыш агенттігінің хабарлауынша, ғарыш кемесі Хайнань аралындағы Вэнчан космодромынан Бейжің уақытымен 11:25те көтерілді. Старттан шамамен 7 минуттан кейін «Tianhe» модулі орбитаға шығарылды.

370 шақырымдық биіктіктегі орбиталық басқару орталығы, ғарышкерлер мекендейтін бөлім және шлюзі бар модульдің іске қосылуы қытайлық орбиталық станция құрылысының алғашқы қадамы болып табылады. Модуль салмағы 22,5 тонна, сыйымдылығы 50 шаршы метрді құрайды.

Дерек бойынша станцияны толығымен салу үшін 11 рейс және бір жылдан астам уақыт қажет. 2022 жылы аяқталғаннан кейін станцияның жалпы салмағы шамамен 100 тонна болады. Ол Халықаралық ғарыш станциясынан бірнеше есе кіші болады. Содан кейін Қытай станциясы үздіксіз 3 ғарышкерді қабылдай алады.

Ол үшін орбитаға тағы екі зертханалық модуль шығарылады. Олар негізгі модульге қосылады. Станция сонымен қатар 4 жүк пен 4 басқарылатын кемені ұшырады. Атап айтқанда, «Тянчжоу-2» жүк кемесі станцияға мамыр айында, ал «Шэньчжоу-12» үш ғарышкерімен маусым айында жіберіледі деп жоспарланған. Ғарышкерлер станцияға жеткізілген жабдықты жинап, пайдалануға береді.