French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай армиясы Тайвань маңында әскери жаттығуларды бастады
10:48 / 2024-05-23

Қытай армиясының Шығыс жауынгерлік қолбасшылығының әскерлері Тайвань төңірегінде ауқымды әскери жаттығуларды бастады.

Бұл туралы Қытайдың қорғаныс министрлігі хабарлады.

Хабарда айтылуынша, 23-24 мамырда өтетін оқу-жаттығуларға құрлық, теңіз, әуе және зымыран күштері қатысады. Қытай Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Ли Си оқу-жаттығулар әскерилердің жауынгерлік дайындығы мен негізгі нысанаға дәл соққы беруін сынақтан өткізетінін мәлімдеген. Әскери кемелер мен ұшақтар Тайвань айналасында жауынгерлік патрульдер жүргізеді.

Тайвань Қорғаныс министрлігі Қытай өткізіп жатқан жаттығуларды аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіретін «арандатушылық» деп бағалаған.