French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай АҚШ-тың төрт лауазымды тұлғасына санкция енгізді
14:43 / 2020-11-30

Қытай билігі Гонконгке байланысты АҚШ-тың әрекетіне қарсы жауап ретінде төрт лауазымды тұлғасына санкциялар қолдану туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Хуа Чуньиннің мәлімдеуінше: «Америка Құрама Штаттарының әрекеттері Гонконг пен Қытайдың ішкі істеріне өрескел араласу, сондай-ақ халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын өрескел бұзу болып табылады, біз бұны қатаң түрде айыптаймыз және қарсымыз», - деген дипломат.

Бұған дейін АҚШ Гонконг мәселесі бойынша төрт қытайлық шенеунікке санкциялар салғаны хабарланған болатын. Ал бүгін Қытай билігі АҚШ-тың осы қате әрекетіне қарсы жауап ретінде төрт лауазымды тұлғасына санкциялар қолдану туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.