Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай АҚШ-пен диалогты қалпына келтіруге ниетті екенін мәлімдеді
13:37 / 2021-02-22

Соңғы жылдары Америка Құрама Штаттары мен Қытай арасындағы диалогтың үзіліп қалғаны әлемдік экономикаға біршама әсер етті.

Реми Бейжің бұл жағдайды тоқтатып Құрама Штаттармен арадағы байланысты қалпына келтіру бойынша жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. 

«Соңғы бірнеше жылда АҚШ пен Қытай елі арасындағы барлық деңгейдегі диалог іс жүзінде үзіліп қалуы АҚШ-Қытай қатынастарының нашарлауының маңызды себептерінің біріне айналды. Қытай әрқашан диалог үшін ашық ел, біз кез-келген уақытта АҚШ-пен адал және ашық қарым-қатынас жасауға және проблемаларды шешу үшін диалог жүргізуге дайынбыз», - деген Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И Бейжіңдегі Лантин форумының ашылу салтанатында.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің басшысы екі елдің әлеуметтік жүйелері, тарихы мен мәдениеті әр түрлі екенін және екі ел арасындағы қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктердің болуы табиғи нәрсе, бірақ осындай шиеленістер үшін елдер арасындағы қарым-қатынасты диалог арқылы өзара түсіністіктік пен шешу керек екенін айтқан.