Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қытай 2030 жылға қарай Айға адам жібереді
09:51 / 2023-07-13

Қытай 2030 жылға қарай Жердің табиғи серігі Ай бетінде ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатында Айға адам жіберуді жоспарлап отыр.

ҚХР ғарыштық ұшулар бағдарламасы басқармасының бас инженерінің орынбасары Чжан Хайлианның мәлімдеуінше: «Еліміз 2030 жылға қарай Айға адам жіберуді көздеп отыр, содан кейін табиғи жер серігіміздің бетінде сынақ стансасын салуға кірісіп, жүйелі, үздіксіз зерттеулер мен техникалық тәжірибелер жүргіземіз», - деген сарапшы. 

Айға адамды жіберу үшін екі зымыран тасығыш пайдаланылады. Чжан Хайлианның айтуынша, қытайлық зерттеушілер бұл миссияны сәтті орындау үшін жаңа технологияларды, соның ішінде «Чанчжэн-10» зымыран тасығышын, жаңа буын басқаратын ғарыш кемесін және Айға қондыру аппаратын әзірлеу үстінде.