Қытай 2024 жылы планетааралық автоматты станцияны іске қосады
Қытай 2024 жылы Айды зерттеуге арналған пилотсыз миссиясының бөлігі ретінде «Чанъэ-6» автоматты планетааралық станциясын іске қосады.
Бұл туралы Қытай Халық Республикасының қорғаныс ғылымдары, технологиялары және өнеркәсіп мемлекеттік басқармасы жанындағы Айды зерттеу жөніндегі Қытай орталығының басшысы Ху Хао мәлімдеді.
«Чанъэ-6» станциясы Ресейде, Францияда, Швецияда және Италияда жасалған жабдық және құралдармен жабдықталатын болған.
Сонымен қатар, , Қытайдың Ұлттық ғарыш басқармасы Роскосмос пен бірге Халықаралық ғылыми Ай станциясын құру үшін халықаралық серіктестер іздейтінін айтқан.
Халықаралық ғылыми Ай станциясы Жердің табиғи серігінің бетіндегі және орбитадағы тәжірибелік зерттеу кешені болып, Пекин мен Мәскеу станцияны ұзақ уақыт бойы пилотсыз жұмыс істеуге мүмкіндігі бар деп жоспарлап отыр.