Қытай 1 тамыздан бастап галий мен германий экспортын шектейді
Қытай билігі галий мен германийді, сирек жер материалдарын, атап айтқанда, чиптерді өндіруде экспорттауды шектейді.
Қытайдың Сауда министрлігі мәліметінше, жаңа шаралар 2023 жылдың 1 тамызынан бастап күшіне енеді.
Галий мен германийге, сондай-ақ олардың химиялық қосылыстарына экспорттық бақылауды енгізу Қытайдың ұлттық қауіпсіздігі мен мүддесін қорғаумен байланысты, делінген Сауда министрлігі мәлімдемесінде.
Қытайлық галий мен германий жеткізушілері агенттіктен материалдарды қандай мақсатта пайдалану жоспарланып отырғанын көрсететін экспорттық лицензия алуы қажет.