Қысқы Универсиадада Жапония құрамасы жалпы есепте жеңіске жетті
Жапон спортшылары 2023 жылы АҚШ-тың Лейк-Плэсид қаласында өткен қысқы Универсиаданың жалпы есепте жеңімпаз атанды.
Ойындар дүйсенбіге қараған түні хоккейден ерлер турнирінде Канада құрамасының жеңісімен аяқталды.
12-22 қаңтар аралығында өткен қысқы ойындарда спортшылар 12 спорт түрінен 83 жүлде жиынтығын сарапқа салды.
Жапон спортшылары 21 алтын, 17 күміс және 10 қола медаль жеңіп алып, медальдар тізімінде бірінші болды. Екінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы (12-8-9), үшінші орынды Канада құрамасы (6-1-6) иеленді.