Қырғызстанның Өзбекстандағы елшісі дипломатиялық миссиясын аяқтады
Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Ибрагим Жунусов Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтады.
12 қаңтарда Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Қырғызстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі Ибрагим Жунусовты дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты қабылдады.
СІМ мәліметінше, кездесу басында министр елшінің өзбек-қырғыз қарым-қатынасын кеңейту мен нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады.
Екі ел арасындағы саяси диалог, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өңіраралық байланыстар айтарлықтай жандана түскені атап өтілді. Бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы және түрлі деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесі қаралды.
Қырғызстан елшісі Өзбекстан тарапына дипломатиялық миссиясын табысты жүзеге асыру үшін жасалған қолайлы жағдай үшін шынайы алғысын білдірді.