Мемлекет басшысы Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров екі елдің бірінші ханымдарымен бірге Хиуа қаласындағы Ичан қамалы кешені мен Нуриллабай сарай кешенін аралады.
Хиуа қаласы 1990 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізіліп, 2500 жылдығы 1997 жылы аталып өтілді. Қала 2020 жылы Түркі әлемінің мәдени астанасы, 2024 жылы Ислам әлемінің туристік астанасы атанды.

«Ашық аспан астындағы мұражай» ретінде белгілі Хиуа Орталық Азиядағы бірегей ескерткіш ретінде сақталған жалғыз қала. Мұнда 120-дан астам сәулет ескерткіштері орналасқан.

Жоғары мәртебелі меймандар «Әке қақпасынан» бастап, бірегей «Көне арк» кешені, Шерғазы хан медресесі, Жұма мешіті, «Ташховли» кешені және басқа да ескерткіштермен танысты.

Қонақтардың құрметіне өзбек халық әндері шырқалып, театрландырылған көрініс қойылды.
Мұнан соң Нуриллабой сарайын аралады.

Сарай-бақша кешені 20 ғасырдың басында салынған. Кешен медресе, 100-ден астам бөлмелер, галереялардан тұрады. Сарай бөлмелерін безендіруге хиуалық шеберлермен қатар шетелдік суретшілер және декораторлар қатысып, олар сарайдың шығыс бейнесіне заманауи еуропалық стильді енгізген.

Хиуа тарихы мен оның ғылымның дамуына қосқан үлесі, өлкенің бай мәдениеті мен өнері туралы оқиғалар қырғызстандық қонақтарға үлкен әсер сыйлады.



