Қырғызстанда вакцинацияның алғашқы кезеңі басталуда
Қырғызстанда Қытайда жасалған «SinoPharm» өндірген вакцинасымен СOVID-19-ға қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңі басталды.
«Кабар» агенттігінің хабарлауынша, 29 наурызда алғашқы вакциналарды Қырғызстанның денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев пен оның орынбасарлары қабылдаған.
19 наурызда Қытайдан 150 мың доза вакцина әкелінген болып, жоспар бойынша 75 мың адам вакцинацияланады. Бұл процесі екі рет, 25-28 күн аралығында жүргізу белгіленген.