Қырғызстанда В гепатитіне қарсы вакцинация бойынша пилоттық жоба іске қосылды
Қырғызстанда ересек тұрғындарды В гепатитіне қарсы егу бойынша пилоттық жоба іске қосылды.
Роспотребнадзордың хабарлауынша, бұл жоба Ресей үкіметінің қолдауымен жүзеге асырылуда.
«Қырғыз Республикасында Ресей Федерациясы үкіметінің қолдауымен ересек тұрғындарды В гепатитіне қарсы егу бойынша пилоттық жоба іске қосылды. Бұл жоба Роспотребнадзор Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жүзеге асырып жатқан техникалық көмек бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда», делінген министрліктің сайтында.
Ведомствоның дерегінше, пилоттық жоба халықты жаппай иммундау механизмдері мен алгоритмдерін пысықтауға, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек желісіндегі, кәсіпорындар мен жылжымалы емханалардағы егу пункттерінің жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді.