Қырғызстанда суыққа байланысты мектеп оқушыларының қысқы демалысы ұзарды
Қырғызстанда ауа райының тым суып кетуіне байланысты мектеп оқушыларының қысқы демалысы ұзартылды.
«Білім министрлігі тұмау мен ЖРВИ таралуының алдын алу бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің қолайсыз ауа райы жағдайлары туралы ақпаратын негізге ала отырып, мектеп оқушыларының қысқы демалысын 2023 жыл 15 қаңтарға дейін ұзарту туралы бұйрық шығарды.», - делінген Қырғызстан Білім министрлігінің хабарламасында.
Қырғызстанда мектеп оқушылары былтыр 30 желтоқсанда демалысқа шығып, 11 қаңтарда оқуын бастауы тиіс еді.