Қырғызстанның әскери прокуратурасы ішкі істер органдарының бірқатар шенеуніктеріне қатысты елдің Қылмыстық кодексінің «қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану», «бопсалау» және «ірі көлемдегі ақша жымқыру» сияқты қылмыстық іс қозғады.
ТАСС порталының хабарлауынша, Қырғызстан Ішкі әскерлерінің қолбасшысы Исламбек Кенжакулов аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған.
«Кенжекулов ішкі әскерлердегі бюджет қаражатына қатысты қаржылық алаяқтық фактісі бойынша жүргізілген тергеу аясында ұсталды», - делінген хабарламада.
Желтоқсан айының басында Қырғызстанның әскери прокуратурасы ішкі істер министрлігінің бірқатар шенеуніктеріне қарсы елдің Қылмыстық кодексі бойынша «қызмет бабын асыра пайдалану», «бопсалау» және «ірі көлемдегі ақша жымқыру» сияқты қылмыстық іс қозғады.
Прокуратураның тексеруі барысында Қырғызстанның ішкі істер органдарының қызметкерлеріне азық-түлік пен киім-кешек сатып алуға бөлінген 34 миллион сомға жуық (шамамен 400 мың доллар) бюджет қаражаты олардың тиісті фирмаларының есепшотына заңсыз аударылып, кейін заңсыз жұмсалғаны анықталды.