Қырғызстанда кезектен тыс өтетін президенттікке кандидаттарды тіркеу аяқталды. Оған өзін үміткер ретінде көрсеткендер саны рекордтық көрсеткішке жеткен.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне орай, Қырғызстандағы кезектен тыс президенттік сайлауға қатысуға 64 үміткер өтініш беріп, олардың 62-сі тіркелген.
Бұған дейінгі Қырғыз еліндегі президенттікке үміткерлік рекорды 2017 жылы орналанған болатын. Сол кездегі сайлауға 59 үміткер өтініш беріп, бірақ оның 13-і ғана финалдық кезеңге жол алған. Ал қалған кандидаттар жеткілікті қол жинай алмай немесе сайлау жарнасын төлей алмағандығымен, кейбір үміткерлер мемлекеттік тілді меңгеруден өте алмаған болса, ал басқалары өз кандидатураларын ерікті түрде қайтып алған.
Қырғызстандағы кезектен тыс президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленген болып, кандидаттар 7 желтоқсанға дейін 1 миллион қырғыз сомы (11,7 мың доллар) көлемінде сайлау жарнасын төлеп, оларды қолдау үшін 30 мың қол жинап, қырғыз тілінен тест тапсыруы керек.
Биылғы президенттікке үміткерлер қатарында 14 қарашада уақытша президенттік қызметінен кетіп, премьер-министр міндетін атқаруын тоқтатқан Садыр Жапаров, Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Абдил Сегізбаев, оппозициялық «Бүкіл Қырғызстан» партиясының жетекшісі Адахан Мадумаров, бұрынғы парламент спикері Қанат Исаев және бұрынғы ішкі істер министрі Курсан Асанов бар.
Қырғызстан заңына сәйкес президент 6 жыл мерзімге сайланады. Онда шетелдік азаматтығы болмаған, 35 жастан кіші емес және 70-тен аспаған, қырғыз тілін еркін меңгерген, елде 15 жылдан астам өмір сүрген Қырғызстан азаматы республика президенті болып сайлана алады.