Қырғызстанда мектеп оқушысы найзағай соғып қайтыс болды
Қырғызстанның Токмок аймағында мектеп оқушысын найзағай соғып қайтыс болды.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, найзағай соғуынан 13 жастағы оқушы қыз оқиға орнында көз жұмған. Тағы бір 13 жастағы қыз бен 17 жастағы жасөспірім жарақатпен аумақтық ауруханасына жеткізілген.
«Олар жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлер жағдайын тұрақты деп бағалап отыр», - делінген хабарламада.