Қырғызстанда кафе мен мейрамханаларда темекі шегуге тыйым салынды
Қырғызстанда кафе мен мейрамханалар, жалпы алғанда қоғамдық тамақтанаты нысандарда темекі шегуге тыйым салынды.
Спутник Қырғызстан басылымының мәліметінше, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салатын заңға қол қойды. Атаулы заң темекі өнімдерінің барлық түрлеріне қарсы күресті күшейту бойынша шараларды одан әрі жетілдіруге бағытталған.
Бұрынғы заңнамаға сәйкес, қоғамдық орындарда темекі шегушілерге арналған бөлек аумақтар болуы керек еді. Бірақ жаңа заң жобасын әзірлеушілер бұл жағдайда түтін барлық қызмет көрсетушілердің денсаулығына әсер етуі мүмкін деп есептейді. Құжат авторларының айтуынша, темекі тұтыну Қырғызстанда өлім мен мүгедектіктің негізгі себебі болып табылады.