Қырғызстанда әскери-тактикалық оқу-жаттығулар басталды, оның барысында әуеден шабуылдаушы «Bayraktar TB2» ұшқышсыз ұшатын аппараттар (ҰҰА) қолданылады.
«Ыстықкөл облысында бүгін, 31 наурызда «Қалқан – 2022» арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өтіп жатыр. Оған Қырғыз Республикасының Президенті, ел Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Садыр Жапаров Қорғаныс министрлігінің Балықшы қаласындағы «Эдельвейс» оқу-жаттығу орталығының базасында өтіп жатқан оқу-жаттығулардың барысын бақылауда», деп хабарлайды Қырғызстан мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Онда айтылуынша, оқу-жаттығулар барысында республика тарихында тұңғыш рет Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚК) Шекара қызметінің құрамындағы «Bayraktar ТБ2» соққыға қарсы ұшқышсыз ұшақтары қолданылады.
«Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – мемлекеттік шекара учаскесінде тәртіпсіздік жасаған жауды жою бойынша Қырғыз Республикасы күш құрылымдарының іс-қимылдарының үйлесімділігін пысықтау», делінген хабарламада.