Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан Сыртқы істер министрі отставкаға кетті
08:30 / 2022-04-23

Қырғызстан Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев отставкаға кетті.

Қырғызстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенті Садыр Жапаров сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевтың отставкасын қабылдаған.

«Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жарлыққа қол қойды, оған сәйкес Руслан Қазақбаев Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды», - делінген ресми хабарламада.

Руслан Қазақбаевтың қызметінен не үшін босатылғаны жайлы ақпарат айтылмаған. 

Кейінірек баспасөз қызметі Жээнбек Кулубаев Қырғызстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы болып тағайындалғанын хабарлады. Бұған дейін ол президент әкімшілігінің сыртқы саясат бөлімін басқарған.

Қазақбаев Қырғызстан Сыртқы істер министрлігін екі рет басқарды: 2010-2012 және 2020 жылдың 14 қазанынан.