Қырғызстан Қазақстанға 300 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары су тасқынынан зардап шеккен Қазақстан халқына 300 тонна гуманитарлық жүк жіберді.
KAZINFORM хабарлауынша, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша елдің Төтенше жағдайлар министрлігі «Азық-түлік керуені» гуманитарлық жүгін ұйымдастырды.
Гуманитарлық жүк тиелген автоколонна 6 сәуір күні таңғы сағат 4-те Қазақстанға аттанған.
Оның құрамында күнбағыс майы, қант, күріш, макарон және кондитерлік өнімдер, сондай-ақ жергілікті жерде өндірілген матрацтар, киім-кешек, шатырлар бар.