Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті
15:29 / 2024-07-18

«Куксарай» резиденциясында елімізге мемлекеттік сапармен келген Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты қарсы алу рәсімі өтті.

Резиденция алдындағы алаңда мемлекеттік тулар көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев жоғары мәртебелі мейманды жылы қарсы алып, мінберге шақырды. Әскери оркестр екі елдің мемлекеттік әнұранын орындады.

Президенттер құрметті қарауыл сапының алдынан өтіп, ресми делегация мүшелерін құттықтады.

Бірге суретке түскеннен кейін Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөздерді бастады.