French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жаңа Конституцияға қол қойды
09:49 / 2021-05-05

5 мамырда Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, жаңа Конституцияға қол қойды. Онда президенттің өкілеттілігі кеңейтілуі қарастырылған.

Президент сайтындағы ресми хабарда, «Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров бүгін, 5 мамырда референдумда қабылданған Қырғыз Республикасының Конституциясына қол қойды», - делінген.

Сонымен қатар, Қырғыз басшысы «Қырғыз Республикасының Конституциясы туралы» тиісті заңды да мақұлдаған.

11 сәуірдегі референдумда негізгі Заңның жаңартылған нұсқасын қолдап 79,3 пайыз дауыс жиналған болса, қарсы тараптар 13,7 пайыз дауыс берген. Ал, жалпы қатысқан халық саны 36,6 пайызды құраған.

Жаңа негізгі заңға сәйкес, Қырғызстанда басқару формасы парламенттіктен президентікке ауысты.