Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Өзбекстанға келді
13:21 / 2024-07-18

18 шілде күні Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров жұбайымен бірге елімізге мемлекеттік сапармен келді.

Оларды Ташкент қаласының халықаралық әуежайында Мемлекет басшысы мен жұбайы қарсы алды.

Жоғары мәртебелі мейманның құрметіне екі елдің мемлекеттік тулары көтеріліп, құрметті қарауыл сап түзеді.

Сапар бағдарламасына сәйкес жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді, онда Өзбекстан-Қырғызстан жан-жақты стратегиялық серіктестік қарым-қатынастарын одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Саммит соңында бірқатар ірі бірлескен жобаларды іске қосып, екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланған.