Қырғызстан Премьер-министрі Ташкенттегі «Технопарк» кешеніне барды
Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Ұлықбек Марипов бүгін Өзбекстанға екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның отырысына қатысу үшін Ташкентке келді.
[gallery-1740]
Жоғары мәртебелі мейман алдымен Ташкенттегі «Технопарк» кешенінің қызметімен танысты. Қазір мұнда құны 365 млн долларлық 17 жоба жүзеге асырылуда.