Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан Премьер-министрі Ташкентке келді
13:51 / 2021-03-25

25-26 наурыз күндері Ташкентте Өзбекстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

Осыған орай бүгін 25 наурызда Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі Ұлықбек Марипов Өзбекстанға келді.

Ислам Каримов атындағы Ташкент халықаралық әуежайында жоғары мәртебелі мейманды Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов қарсы алды.

Сапардың бағдарламасы аясында Ташкенттегі бірқатар өндірістік нысандардың қызметімен жақын танысу және екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия отырысының қорытындылары бойынша құжаттарға қол қою жоспарланған.

[gallery-1736]