Қырғызстан Pfizer вакцинасынан оны сақтауға арналған тоңазытқыштың болмауына байланысты бас тартады, деп хабарлады республиканың денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев.
Министрдің «Биринчи радиоға» берген сұхбатында вакцинадан бас тартуға басты себеп ретінде қаржы жеткіліксіздігінен осындай шешімге келгенін айтқан .
«COVAX вакциналар альянсы жаппай сатып алуға қаражаты аз елдерге дәрі-дәрмектерді ақысыз беретіндігін айтты. Соның негізінде Қырғызстанға Pfizer вакцинасын қарастыру ұсынылып, альянс мүшесі ретінде 1,2 миллион доза алады. Бірақ біз альянспен басқа дәрі беру мүмкіндігі туралы сөйлесеміз. Жоқ, Pfizer - жақсы вакцина, бірақ оны Қырғызстанға әкеліп, халыққа жеткізу үшін сақтау -70 градусты температураны қамтамасыз ететін тоңазытқыштар қажет. Бізде ондай жоқ. Біз Қаржы министрлігіне жүгіндік, бірақ ақша да жоқ. Тоңазытқыштарды кем дегенде ірі қалаларға, облыс орталықтарына қою үшін 2 млн доллар қажет», - деген Бейшеналиев.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта Қырғызстан ресейлік вакцинаны республикаға жеткізу туралы Ресей үкіметімен келіссөздер жүргізіп жатыр. Ресей вакцинасын сақтау үшін -2-ден -18 градусқа дейінгі температурада жеткілікті екенін айтқан.