Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында жанжал шықты
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы шекаралас аудандардың тұрғындары арасында қақтығыс туындады.
Қырғызстан шекара қызметі баспасөз орталығының хабарлауынша, оқиға Қырғызстан аумағын Тәжікстаннан кесіп өтетін Ворух анклавына апаратын жолда болған. Мәліметтерге қарағанда, көлік жүргізушілер арасында жанжал шыққан.
Қырғызстан шекара қызметі 24 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:30-да қақтығыс орын алған аймақтағы жағдай тұрақтанғанын, қақтығысқа екі жақтан да қатысы бар тұлғалар анықталып, тергеу жұмыстары басталғанын хабарлады.
Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті өз кезегінде шекарадағы қақтығыс кезінде төрт тәжік азаматының жараланған. Қазір жағдай тұрақталған, тараптар жағдайды зерттеп жатқаны айтылған хабарламада.