Қырғызстан мен Тәжікстан шекарашылары арасындағы қарулы қақтығыс болды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында екі елдің шекарашылары арасында қарулы қақтығыс болды.
РИА Новостидің хабарлауынша, оқиға қыркүйектің 14-і күні таңертең Баткен облысының Бұлақ-Башы ауылында басталған. Қазіргі кезде тараптар арасындағы оқ атулар тоқтаған келіссөздер жүргізіліуде.
Қырғызстанның Баткен облысы әкімшілігінің дерегінше, Тәжікстанның Соғды облысының басшысы Раджаббой Ахмадзода мен Қырғызстанның Баткен облысының губернаторы Әбдікәрім Әлімбаев шекарадағы жағдайды талқылаған. Қазір екі елдің шекара қызметінің өкілдері оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.
Басылым мәліметіне қарағанда Қырғызстаннан атқылау кезінде бір тәжік шекарашысы қаза тауып, екеуі жараланған.