Қырғызстан мен Тәжікстан шекарадағы даулы учаскелер бойынша келіссөздер өткізеді
Қырғызстан мен Тәжікстан өкілдері наурыз айында ортақ шекарадағы даулы аймақтар мәселесі бойынша келіссөздердің келесі кезеңін өткізеді.
Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, диалог Тәжікстан аумағында өтуі тиіс.
«2023 жылғы 10-16 наурыз аралығында Қырғыз Республикасының делегациясы Душанбеде Тәжікстандық әріптестерімен кездесу өткізеді, онда олар мемлекеттік шекараның ортақ учаскесін делимитациялау және демаркациялау мәселелерін талқылайды», - делінген хабарламада.
Екі тарап шекараны делимитациялау процесін 20 жылдан астам уақыт бойы жүргізіп келеді, осы уақыт ішінде олар шекара сызығының 60 пайыздан астамын келісе алған.