Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғызстан басшысы Хиуадағы ірі кілем кәсіпорнының жұмысымен танысты
19:01 / 2024-07-19

Президент Шавкат Мирзиёев пен Президент Садыр Жапаров «Хива кілемдері» комбинатынның жұмысымен танысты.

2020 жылы құрылған бұл кәсіпорын жылына 4,2 млн шаршы метр кілем және кілем өнімдерін шығарып, Қытай, Ресей, АҚШ, Қазақстан және басқа да ТМД елдеріне экспорттайды.

Еуропаның алдыңғы қатарлы елдерінің технологиясымен жабдықталған заманауи зауытта бүгінде 750 адам еңбек етуде.

Президенттер кәсіпорынның өндірістік процесі мен көрме залын, сондай-ақ комбинат аумағында ұйымдастырылған «Made in Uzbekistan» брендімен жасалған өнеркәсіп өнімдерінің көрмесін аралап көрді.

Тәжірибе алмасу, ынтымақтастық пен сауданы дамыту бойынша тиісті министрліктер мен ведомстволарға тапсырмалар берілді.