Қырғыз-тәжік шекарасында тағыда атыс басталды
Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан 30 сәуір жұма күні, атыс тағы да естілгені хабарланды.
24.kg басылымындағы хабарда, шекарадағы атыс бір сағаттан беріге жалғасып жатқаны айтылады.
«Қызыл-Бел (ҚР) - Гулистон (TР) бақылау-өткізу бекетіндегі шекара отрядтары арасында қысқа әскери қақтығыс болды. Қазіргі уақытта атыс тоқтады. Зардап шеккендер жоқ.» бұл жайды Қырғыз Үкіметінің Баткен облысындағы өкілі Омурбек Суваналиев 24.kg ақпараттық агенттігіне хабарлаған.
Оның айтуынша, жағдай жалпы тұрақты, бірақ шиеленістің кейбір элементтері бар.
29 сәуірде орын алған қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс салдарынан Қырғызстанда 13 адам қаза тауып, 121 адам жараланғаны хабарланды. Ал, Тәжікстан тарапы бұл жағдайға байланысты қазірше реми ақпарат берген жоқ.