Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қырғыз-тәжік шекарасында тағы атыс болды
02:18 / 2022-01-28

Қаңтардың 27-сі күні кешке қырғыз-тәжік шекарасындағы Төрткуча аймағында атыс болды.

24.kg басылымының хабарлауынша, бірінші болып тәжік әскерилері оқ жаудырған, ал оған қырғыз шекарашылары жауап берген. Қақтығысқа тәжік шекарашыларының Исфара-Ош жолын тосқауыл қоюы себеп екені айтылады.

Басылымның мәліметінше, сағат 18:15-те Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті Баткен облысының Төрткуча ауданындағы Исфара-Ош жолын жауып тастаған.

Қазіргі кезде жағдайды жеңілдету үшін оқиға орнына екі елдің ресми өкілдері келгені хабарланды.