Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы уақытша тоқтатылды
10:42 / 2024-04-16

Қазақстанда Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы уақытша тоқтатылды.

KAZINFORM мәліметінше, Қуандық Бишімбаевқа қатысты бүгінгі сот отырысында тараптардың бірі алқа билердің қатысуынсыз өтінішхат жасауды сұрады, осыған байланысты трансляция тоқтатылды.

«Алқа билердің құзыретіне кірмейтін құқық мәселелері олардың қатысуынсыз қаралады. Өтінішхатты тараптардың қатысуымен қарау үшін БАҚ-та трансляциялауды және жариялауды тоқтатуды сұраймын», - деді судья Айжан Құлбаева. 

Еске сала кетсек, биыл 27 наурызда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ. Бишімбаевтың ісі бойынша алқа билерді іріктеу өтті. Алқа билерді фото, видеоға түсіруге және жариялауға тыйым салынған. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша онлайн-көрсетілім рейтингі кейбір сериалдардан асып түсті. Жоғарғы Соттың Коммуникация бөлімінің меңгерушісі Перизат Сәдуақастың айтуынша Қ.Бишімбаевқа қатысты сот процесіне қоғам жоғары қызығушылық танытып отыр. Тікелей эфирге 250 мың көрерменнің бір мезгілде қосылуы бойынша рекорд тіркелді. 25-44 жас аралығындағы көрермендер жалпы көрермен санының 58 пайызын құрап отыр.