English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Құрбан айт мерекесіне орай Мемлекет басшысының атына құттықтаулар келуде
18:31 / 2023-06-28

Бүкіл мұсылман қауымының қасиетті мерекесі – Құрбан айт мерекесіне орай, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің атына, шет мемлекеттер басшыларының, беделді саясаткерлер, қоғам және дін қайраткерлері, жетекші халықаралық және өңірлік ұйымдардың жетекшілері атынан құттықтаулар келуде.

Құттықтауда Өзбекстан басшысына және көпұлтты халқына бейбітшілік, бақ-береке және гүлдену тілегі айтылып, Өзбекстанмен достық пен көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытып, нығайтуға деген ұмтылыс баяндалған.

Атап айтқанда, құттықтау жолдағандар қатарында:

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев;

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров;

Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон; 

Түркіменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов;

Түркімен халқының ұлттық көшбасшысы, Түркіменстан Халық Кеңесінің Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов;

Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев;

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған;

Мысыр Араб Республикасының Президенті Абдулфаттах әс-Сиси;

Қатар Мемлекетінің Әмірі Тамим бен Хамад Әл Сони;

Кувейт мемлекетінің әмірі Наваф әл-Ахмад әл-Жабир әл-Сабах;

Оман Сұлтаны Хайсам бин Тарик әл-Саид;

Иордания Хашимит Корольдігінің королі Абдалла II;

Сирия Араб Республикасының Президенті Башар Асад;

Кувейт мемлекетінің тақ мұрагері Мишаал әл-Ахмад әл-Джабир ас-Сабах;

Біріккен Араб Әмірліктері Премьер-министрінің орынбасары, ішкі істер министрі шейх Саиф бен Заид Әл Нахаян;

Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубаничбек Омуралиев;

Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Бас хатшысы Хусайн Ибрахим Тоха;

Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымының (ISESCO) бас директоры Салим әл-Малик;

Кавказ мұсылмандары кеңсесінің төрағасы, ТМД Дінаралық кеңесінің тең төрағасы шейхулислам Аллашүкүр Пошшозада.

Құттықтаулар келуі жалғасуда.