Соңғы кездері кейбір әлеуметтік желілерде өзбекстандық әскерилердің шет елдердің армиясына алынғаны туралы ақпарат тараған. Өзбекстан Қорғаныс министрлігі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасады.
Конституцияның 125-бабына сәйкес Өзбекстан Республикасының Қарулы Күштері Өзбекстан Республикасының мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығын, халықтың тыныш өмірі мен қауіпсіздігін қорғау үшін құрылады.
Қорғаныс доктринасына сәйкес Өзбекстан Республикасының қорғаныс саясаты басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау, мүмкін болатын қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеу қағидаттарына негізделген.
Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 154-1-бабында шет мемлекеттердің әскериленген органдарының қызметіне кіргені үшін жауапкершілік қарастырылған.
Осыған орай Өзбекстан Республикасы, соның ішінде Өзбекстанның әскерилері елден тыс болатын әскери операцияларға қатыспайды. Өзбекстанда шет мемлекеттердің әскери қызметшілерді тартуы туралы жалған ақпараттың таралуының еш негізі жоқ, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаменті.