Қорғаныс министрлігі: Ауғанстаннан шабуыл жасалғаны туралы ақпарат шындыққа сай келмейді
Әлеуметтік желілерде Ауғанстаннан Өзбекстан аумағына үшінші рет зымырандық шабуыл жасалғаны туралы хабар тарады.
Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, бұл мазмұнда таратылған хабарлар жалған және мүлдем шындыққа сай келмейді.
«Өзбекстан-Ауғанстан мемлекеттік шекарасы Өзбекстан әскерилерінің толығымен бақылауында, жағдай тұрақты.
Азаматтарымызды мұндай жалған ақпаратқа сенбеуін және ресми ақпарат көздеріне жүгінуін сұраймыз», делінген хабарламада.