Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қоқанда медициналық бұйымдар өндірісі жолға қойылды
08:55 / 2023-08-14

Қоқанда шприц және медициналық инфузиялық жүйелер өндірісі жолға қойылды.

Ферғана облысының Қоқан қаласында құрылған «Life Import» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі түріндегі өзбек-қытай бірлескен кәсіпорны медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруге маманданған. Мұнда 100 миллион шприц, 30 миллион медициналық инфузиялық жүйе, сондай-ақ 33,5 миллион медициналық маска мен қолғап шығару жоспарланған.

[gallery-13106]

Кәсіпкер Ахмаджон Хайдаровтың бастамасымен қолға алынған бұл жобаның жалпы құны 5,5 миллион доллар болса, оның 1 миллион доллары қытайлық инвесторлардың тікелей инвестициясы. Сондай-ақ Ферғана облысы әкімдігінің қолдауымен банктен 1,8 миллион доллар несие берілген.

Өндіріс үшін ең заманауи машиналар Қытайдан әкелінген.

Жұмыс екі ауысымда ұйымдастырылған болып, кәсіпорында 120-дан астам жас тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген.

Бұл кәсіпорынның іске қосылуымен Ферғана облысында фармацевтикалық және медициналық құрал-жабдықтар шығаруға маманданған кәсіпорындардың саны 10-ға жетті.

 

суреттерді түсірген Муқимжан ҚАДИРОВ, ӨзА