Қоқанда Халықаралық ғылыми конференциясы өтті
Ферғана облысының Қоқан қаласындағы Ұлы ғалымдар музейінде академик Рахима Аминованың 100 жылдығына арналған Халықаралық ғылыми конференциясы өтті.
«Өзбек тарихшылары мектебі: ХХ ғасырдағы Орталық Азияның аграрлық және әйелдер мәселесі тарихы. Академик Рахима Аминованың 100 жылдығына» арналған конференцияға респуюликадағы және шетелдерден келген ғалымдар, зерттеушілер және кең жұртшылық өкілдері қатысты.
[gallery-26331]
Конференция барысында Өзбекстан Ғылым академиясы мүшелері, жергілікті және шетелдік профессор-оқытушылар мен зерттеуші ғалымдардың баяндамалары тыңдалып, Рахима Аминованың өмірі мен ғылыми қызметіне арналған деректі фильм көрсетілді.
Сондай-ақ талантты тұлғаның ғылыми зерттеулеріне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
М.ҚОДИРОВ, ӨзА