Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
QIWI электронды әмиян жүйесінің қызметіне Өзбекстанда рұқсат берілді
16:35 / 2021-11-11

Өзбекстанда электронды төлем жүйесінің қызметін жолға қоюға рұқсат берілді.

Орталық банктің хабарлауынша, «Payment Aggregation Systems» ЖШС тарапынан «QIWI Uzbekistan» электрондық әмиян жүйесін ұйымдастыру және осы электрондық төлем жүйесінің эмитенті ретінде «Капиталбанк» акционерлік коммерциялық банкінің электрондық ақша эмиссиясы бойынша құжаттар зерттелген. 

Нəтижесінде «Өзбекстан Республикасы аумағында электрондық ақшаны шығару жəне айналым ережесіне» (тіркеу нөмірі 3231, 29.04.2020 ж.) сəйкес «QIWI Uzbekistan» электронды төлем жүйесі Орталық банктің электронды ақша жүйесінің тізіліміне енгізіліп электронды төлем жүйесінің қызметін жолға қоюға рұқсат берілді.