French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
«QazVac» вакцинасын зерттеу үшін ДДСҰ өкілдері Қазақстанға келеді
10:11 / 2023-01-13

2023 жыл сәуір айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы миссиясы Қазақстанға келіп, «QazVac»-ты тіркеумен байланысты тексерулер жүргізеді.

«ҚазАқпарат» басылымының хабарлауынша, бұл туралы ел Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ведомствоның қорытынды алқа мәжілісінен кейін мәлімдеген.

«Қазақстандық вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық ұйымында тіркеу жұмыстары қазір жалғасып жатыр. Былтыр осы ДДСҰ өкілдері, мамандары мен сарапшылары онлайн режимде әр түрлі құжаттарымызды сұрап, тексерген болатын. Енді биылдың өзінде сол ұйымнан арнайы миссия келіп, біздің вакцинаның қалай шығарылып жатқанын, зауытымыздың халықаралық стандарттарға сәйкестігін, дүниежүзінің халқына қолдануға жарамдылығын тексереді», - деген ол.

Министрдің сөзінше, бұл жұмыстар бірнеше сатыда өтеді.