Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазқстанда президент сайлауына кандидаттарды ұсыну басталды
15:17 / 2022-09-23

Қазақстан Республикасы президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау басталды.

«ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйектен басталып, аталған процесс 11 қазан күні сағат 18:00-де аяқталады.

«Сағат 10:35-тегі жағдай бойынша Орталық сайлау комиссиясына кандидатты ұсыну өтініші келіп түскен жоқ», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Президенттікке кандидаттарға қойылатын талаптар:

  • ҚР азаматы болуы;
  • ҚР аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы;
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жасы 40-қа толған болуы;
  • Белсенді сайлау құқығының болуы;
  • Мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
  • Мемлекеттік тілді еркін меңгеру талабы ескерілген.
  • ҚР Президенті сайлауына қатысатын әр кандидат 3 млн теңге жарна төлейді. Сонымен қатар, президент сайлауына қатысатын әр кандидатқа үгіт-насихат жүргізуі үшін шамамен 10 млн теңге бөлінбек.

Еске салар болсақ, Қазқстанда өтетін кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген болып, президенттікке кандидаттар сайлауға дейінгі үгіт-насихат жұмысын 21 қазанда бастайды және бұл шара 28 күнге созылуы белгіленген.