English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі «ZF-UZ-VAC2001» вакцинасын алды
15:28 / 2021-03-02

Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалды өзбек-қытай ынтымақтастығында өндірісі жолға қойылған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасын алды.

Инновациялық даму министрлігі баспасөз қзметінің хабарлауынша, 1 наурызда министрі Ибрагим Абдурахманов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, өзбек-қытай ынтымақтастығында өндірісі жолға қойылған ZF-UZ-VAC2001 вакцинасының сынақ процесі туралы мәлімет берген.

Бүгінге дейін 6836 ерікті атаулы вакцинаның 1 дозасымен, 4453 ерікті 2 дозасымен және 283 ерікті 3 дозадан вакцинацияланды. Сынақ процесінде азаматтардың тек алтауында ғана жанама әсер белгілері пайда болып - аллергиялық реакция берген. Бұл вакцинаның 0,01 пайызды қауіпсіздігін көрсетеді.

Кездесуде елші Дархан Амангелдіұлы вакцинаның елдегі клиникалық снақтары сәтті өтіп жатқанымен құттықтап,  осы вакцина туралы қазақстандық БАҚ-та ақпарат таратып жатқанын айтқан және өзбек-қытай вакцинасын Қазақстанға жеткізуді талқылау бойынша ұсыныс дайындайтынын мәлімдеген.

Осы кездесуден кейін Қазақстан елшісі Дархан Сатыбалды мен екі елшілік қызметкері «ZF-UZ-VAC2001» вакцинасының 1-ші дозасын салғызды.