Қазақстан Президентінің жарлығымен Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі тағайындалды.
Ақорда сайтының хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Бейбіт Бәкірұлы 1964 жылы 19 мамырда Алматы облысында туған.
Инженер-металлург мамандығы бойынша Қазақ политехникалық институтын, сондай-ақ, экономист мамандығы бойынша Санкт-Петербург мемлекеттік экономика және қаржы университетін тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. 1 класты кеңесші дипломатиялық дәрежесі бар. Еңбек қызметін 1985 жылы Норильск тау-кен металлургия комбинатының мыс байыту зауытында бастаған.
Бұған дейін, Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Норов Өзбекстандағы дипломатиялық миссиясын аяқтап жатқан Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дархан Сатыбалдыны қабылдап, оны Қазақстанның Түркістан облысының әкімі қызметіне тағайындалуымен құттықтаған және кәсіби қызметіне сәттілік тілеген болатын.